Жасөспірімдер олимпиадасына дайындық? Химия пәні. Подготовка к юниорской олимпиаде

Жасөспірім олимпиадасына көбінесе не оқу керек ? Химия пәні

1 лайк

Какой класс?

2 лайка

Тек көп есеп шығар бұрынғы олимптар,всеросы

2 лайка

Сұрағыңызға жауап беру үшін:

  1. Қандай есептер болатынын есеп авторларынан сұрау керек (бұл мүмкін емес).

  2. Немесе өтіп кеткен олимпиадалардың есептерін зерттеп, есептер қандай тақырыптардан келетінін анықтаңыз. Ескі есептерді Olympiads, qazcho.kz және daryn.kz сайттарынан табуға болады.

Бірақ есептерді қарамай-ақ, тақырыптар туралы бір нәрсе айта аламыз: олар шүбәсіз жалпы химияның тақырыптарына сай болады. Жалпы химия бойынша көптеген кітаптар бар. Өзім оқығандардан: Кузьменко Н.Е. “Химия. 2400 задач для школьников и поступающих в ВУЗы”, Литвинова Т.Н. “Химия в задачах для поступающих в вузы”. Қазақ тілінде химияны оқып көрмедім, бірақ ғаламтордан іздеп көрсеңіз табасыз деп ойлаймын. Әрі кетсе, сол тақырыптарды мектептің оқулықтарынан оқысаңыз болады, немесе YouTube пайдаланыңыз.

Айта кететін маңызды нәрсе: дайын ештеңе жоқ. Бір кітапты оқып, алтын медаль ұтасыз деген ой — жалған. Абай атамыз айтқандай: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей». Соңында алатын медаліңіз өзіңіздің ізденгеніңізбен және еңбегіңізге сай болады.

Дайындығыңызға сәттілік, егер қиындықтар мен сұрақтарыңыз туындаса, осы форумның химиктері жауап беруге дайын!

12 лайков