2014-2020 оқу жылында аудандық олимпиада кезінде келген терминдер

2014-2015 оқу жылында аудандық олимпиада кезінде келген терминдер

Аллювий - өзен аңғарларында су ағындары әрекетінен түзілетін шөгінділер. Өзен шөгінділері малтатас, қиыршықтас, құм, саздардан тұрады. Өзен жайылмасына, жағаларына, әсіресе сағаларына жиналады.
Батолит — қатты тау жыныстарынан (әсіресе граниттер тобынан) құралған және жер ядросында өте тереңде болатын массив. Батолит кейде ұзындығы 2000 км, ені 100 км-ге жетеді немесе одан да көлемді келеді. Батолит жыныстары вулкандық атқылаудан пайда болады. Гранитті батолитте қалайы және вольфрам, алтын т. б. металдар кездеседі
Бейзоналылық — қарастырылып отырған аумақтың зоналық ерекшеліктеріне бағынбайтын кейбір табиғат құбылыстарының таралуы, басты физикалық-географиялық заңдылықтардың бірі.
Бора — теңіздің дәл жағасындағы аласа тау жотасынан қатты күшпен төмен соғатын суық жел. Бора көбіне қысты күні соғады. Бора Адриатикалық теңіздің жағасында, Новороссийск ауданында, Байқалда, Жаңа жерде, Прованста, Техаста тағы басқа жерлерде жиі байқалады.
Гаммада, хамада — кең мағынада — кез келген тастақ шөлдердің арабша атауы. Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкада кеңінен тараған. Тар мағынада — Сахарадағы (Солтүстік Африка) тастақ шөлдер. Түпкілікті тығыз тау жыныстарынан (әктас, құмтас және т.б.) тұратын және ұсақ қиыршық тас жапқан үстірт.
Геноцид - (грек,genos- тек, тайпа және лат.caedo- өлтіру) - халықаралық құқық бойынша аса ауыр қылмыс; қандай да бір ұлттық, этникалық, нәсілдік немесе діни топтың өкілдерін түгелдей немесе жекелеп қасақана қырып-жою.
Гигрофил - сулы-батпақты жерлерде, ылғалды ормандарды алқаптарда жоғары ылғалдылық жағдайында өмір сүруге бейім жер бетіндегі жануарлар мен өсімдіктер.
Деградация, регрессия - уақыт өткен сайын объектінің немесе құбылыстың сипаттамаларының нашарлауы, біртіндеп нашарлауы, төмендеуі, сапасының төмендеуі, табиғат пен уақыт заңдарына сәйкес сыртқы әсерге байланысты заттардың жойылу процесі.
Делимитация(лат. delіmіtatіo – шекараны анықтау) –іргелес мемлекеттер арасындағы келісім бойынша мемл. шекараның орналасуы мен бағытын анықтау. Ол бұрын қабылданған өзара келісімшарттар мен карталарда көрсетілген меже бойынша жүргізіледі.
Демаркация - шекара делимитациясы туралы келісімге сәйкес және оған қосымша карталар мен суреттеуге байланысты мемлекеттік шекара сызығын анықтау және белгілеу. Демаркациялық жұмыстар кезінде ауданды топографиялық түсіру немесе аэрофототүсіру жүргізіледі, оның негізінде шекара белдеуінің масштабты топографиялық картасы жасалады, шекара белгілері (тіректер, сым қоршаулар және т.б.) жасалады және олардың топографиялық координаттары анықталады. Шекараны демаркациялау бойынша барлық іс-шараларға қатысты арнайы құжаттар жасалады: шекара сызығының және шекара белгілерінің өтуін сипаттайтын хаттамалар (осы белгілердің сызбалары мен фотосуреттері хаттамаларға қоса беріледі).
Депрессиялық аймақ - бұл экономикалық, тарихи жағдайларға байланысты елдегі орташа деңгейден едәуір төмен аймақ.
Друмлин – сопақшалы созылып жатқан мұз әрекетінен пайда болған жер бедері пішіні. Биіктігі 5-45 м, ені 100-700 м, ұзындығы 1-3 км.
Жалпы Ішкі Өнім, ЖІӨ (ағылш. Gross Domestic Product) - мемлекет территориясындағы барлық өндірушілердің белгілі бір кезең ішінде өндірген түпкі тауарлары мен көрсеткен қызметтерінің нарықтық құнын білдіретін жиынтық көрсеткіш.
Жүк ағыны - бұл жүк айналымымен бірдей мерзім ішінде кәсіпорын ішіндегі жеке тиеу-түсіру пункттері арасында белгілі бір бағытта тасымалданатын тауарлар саны.
Кальдера (испанша: caldera— үлкен қазан) — жанартау төбесіндегі беткейлері тік және сатылы сопақша немесе дөңгелек ойыс.
Кластер - жеке компаниялардың ерікті бірлестігі; басқарудың желілік үлгісінен негізделген және ғаламдық экономика жағдайына ыңғайлана алатын инновациялық бағытталған өндірістік-коммерциялық құрылым
Кондоминиум - [латынша Con - бірге, dominium - иелену] - 1) халықаралық құқықта – екі жақты егемендік; белгілі бір аумақты екі не бірнеше мемлекеттердің бірлесіп иеленуі және бірлесіп басқаруы
Конурбация - (латын тілінен аударғанда con «бірге» және urbs «қала» дегенді білдіреді) –бұл орталықтандырылған орталық болмаған жағдайда (мысалы, қалалық кластерлер) өзінің ядроларының мөлшері немесе маңызы жағынан бірнеше немесе одан аз мөлшердегі қалалар немесе қалалық аудандар бар полиметрлік агломерация. (Рур бассейні, Германия)
Куэст, куэста (исп. cuesta — тау бөктері) екі жақ бөктері бір-біріне мүлдем ұқсамайтын, яғни бір жақ бөктері тау жынысы қабаттарын тілкемдеп тік құлайтын, ал екінші жағы тау жынысы қабаттарының еңістену бұрышына сәйкес біртіндеп ылдиланатын қыраттар тізбегі.
Лакколит (грек. lakkos — шұңқыр, және lithos — тас)— жер бетіне тақау пайда болатын және шөгінді қабаттардың арасында жататын жапырылған төмпешік немесе линза тәрізді магмалық дене. Жер қыртысы қабаттарында шамалы тереңдікте пайда болады; көбінесе көне және қазіргі жанартаулы аймақтарда кездеседі.
Латифундия – кең мөлшердегі ірі жеке меншіктік жер иелену. Ежелгі Римде латифундия (лат. Lātus «кең» + fundus «ферма, жылжымайтын мүлік) ауыл шаруашылықтың экспорттық салаларына мамандандырылған үлкен учаскелер солай аталған: астық өсіру, зәйтүн майы мен шарап жасау. Олар Ұлы Греция, Сицилия, Египет, Солтүстік Африка және Испаниядағы Бетика провинциясына да тән болды. Бүгінгі таңда латифундияның өзін тек Латын Америкасында кездестіруге болады.
Левада - (порт. Levada) - Мадейра аралында (Португалия) салынған ирригациялық канал немесе (грек тілінен Λιβάδιον - су, резервуар, өріс, жайылым) - жері қоршалған немесе қазылған шабындық немесе жайылымы, бақша мен жеміс бақшасы немесе басқа ағаштары бар жеке жер учаскесі
Лоренц қисығы – бұл қоғамда табыстар ерекшелігінің маңызды индикаторы ретінде табыстарды бөлудегі теңсіздерді сипатттайтын графикалық көрініс.
Мұздық цирк - бұл мұздық алқаптың жоғарғы ұшын жабатын амфитеатр түріндегі таулардағы ойпат
Оффшорлық аймақтар - қаржы операцияларын жүргізу үшін қолайлы аумақтар. 60-шы жылдары құрылған алғашқы оффшорлық аймақтар дүниежүзілік экономикалық қоғам- дастықта маңызды орын алды. Оффшорлық аймақтардың саны ұдайы көбейе түсуде. Оффшорлық аимақтар қызметінің негізгі өңірлері - Кариб айдыны (Виргин аралдары, Панама, Багам аралдары, Кайман аралдары, Белиз, Барбадос, Антигуа, Бермуд) және Батыс Еуропа (Кипр, Люксембург, Мальта, Ирландия, Гибралтар)
Пассионария - [лат. passio - құштарлық, азап шегу] биологиялық қажеттіліктерден әлеуметтік және идеалдық қажеттіліктерді басым қоюымен сипатталады. Гумилев пассионарлықтаң астарында индивидтің мақсатқа талпынысынан көрінетін белсенділігін (көбіне - қияли) және осы мақсатқа жету жолындағы жанкештілігі мен күйзеліске төзімділігін түсінді.
Псаммофиттер — құмдарда, өзеннің құмды жағасында, құмды шөлдерде өсетін құм өсімдіктері. Олар азырақ булануға (әсіресе ыстық шөлдерде), құмдардың жылжуымен күресуге бейімделген.
Саба — сулылығы өте аз болатын кезең. Негізінен өзеннің тек жер асты, ыза суларымен қоректенетін кезі.
Синтоизм - [жапон. синто - құдайлар жолы] - Жапонияда кең тараған дін, табиғатты алғашқы қауымдық дәріптеуден туындаған рулық және тайпалық құдайларға табыну.
Сирокко — Жерорта теңізінде, Сицилия аралы мен Апеннин түбегінің оңтүстігінде бірнеше сағат, кейде бірнеше төулік бойы үздіксіз соғып тұратын ыстық, құрғақ, күшті жел. Ол Солтүстік Африка шолдерінен ауған құрғақ, ыстык ауаның әсерінен пайда болады
Стагнация - саясатта, экономикада, мәдениеттегі және т.б.экономикадағы, өндірістегі, саудадағы және т.б. тоқырау (тоқтау).
Табиғи меже - кең мағынада кез-келген географиялық нысанның немесе белгілі жердің атауы
Тюнен үлгісі - (оқшауланған мемлекет моделі, ауылшаруашылық стандарты теориясы) - өнімді өткізу орнына байланысты ауылшаруашылық өндірісінің макеті
Фригана (гр. phryganon — шыбық) — Жерорта теңізінің қиыршықтасты, құрғақ беткейлерінде (Балқан түбегі, Кипр, Қырым және т.б.) өсетін өсімдіктер. Фриганаға көбіне ароматты қасиеттері бар (лаванда, гүлшетен, жұпар сәлбен және т.б.), құрғақшылыққа төзімді бұташықтар мен шөптер жатады
Шық нүктесі – тұрақты температурада және ылғалдылықтың белгілі бір мөлшерінде ауадағы су буының қанығу күйіне жететін температурасы
Экзарация (лат. exaracia — жырту) — мұзға қосылып қатқан тау жынысы сынықтарының мұздық төсенішін жырымдалуы

2015-2016 оқу жылында аудандық олимпиада кезінде келген терминдер

Анклав - [фр. enclave, лат. inclavare - құлыптау] - барлық жағынан басқа мемлекеттің немесе мемлекеттердің аумағының қоршауында қалған мемлекет территориясының бір бөлігі. Мысалы, Сан-Марино мемлекетін Италия, Лесотоны Оңтүcтік Африка Республикасы, сондай-ақ Өзбекстанның Шахимардан және Сох қалаларын Қырғыз жері қоршап жатыр. Егер Анклавтың теңізге шығар жолы болса, онда ол жартылай Анклав деп аталады.
Баскілер (баск Euskaldunak, ис. Vascos, фр. Basques) - Испанияның Наварра, Гипаскоа, Бискайя, Алава провинцияларында, Франциядағы Төменгі Пиреней департаментінде тұратын халық. Саны 1,09 млн-ға жуық. Испанияда (820 мың), Францияда (140 мың), 180 мыңдайы Аргентина, Бразилия, Мексикада тұрады.
Бора — теңіздің дәл жағасындағы аласа тау жотасынан қатты күшпен төмен соғатын суық жел. Бора көбіне қысты күні соғады. Бора Адриатикалық теңіздің жағасында, Новороссийск ауданында, Байқалда, Жаңа жерде, Прованста, Техаста тағы басқа жерлерде жиі байқалады.
Бофорт шкаласы — желдің жылдамдығын балдар арқылы көрсетуге көмек беретін шартты шкалалар. Шкаладағы нөл — желсіз тымырсық уақытты, 9 балл теңіз дауылын, ал 12 балл — апатты дауылды көрсетеді. Жер бетіндегі нәрселерге жасаған әрекетіне және теңіз толқынысына қарап желдің күшін (жылдамдығын) анықтауға арналған шартты түрдегі 12 балдық шкала. 1806 жылы ағылшын адмиралы Ф. Бофорт жасаған және өзі қолданған. 1963 жылдан дүниежүзілік метеорологиялық ұйым қабылдаған Бофорт шкаласы пайдаланылып келеді. Бофорт шкаласы теңіз навигациясында жиі қолданылады.
Бьеф - екі бөгет аралығындағы (өзен, канал) шлюзденген су жолының бөлігі. Кеме қатынасы бьефі — кеменің еркін жүзуі мүмкін болатын екі шектес шлюз аралығындағы жасанды су жолының жеке телімі. Кемелік, жеке бьефтің бірсыпырасы бірінен-біріне шлюзді тірек бөгеттермен жалғасуы арқылы шлюзді баспалдақ қүрайды.
Валлоны — Бельгияның оңтүстік провинциясын мекендейтін роман халқы. Халқы 3,5 млн адамға жуық (2010). Франция мен АҚШ-та Валлон қауымдастықтары бар. Олар француз және валлон тілдерінде сөйлейді.
Геоурбанистика - урбанизация процесін тереңдету негізінде адам қажеттіліктерінің алуан түрлілігінің артуымен әр түрлі деңгейдегі қалалық жүйелердің кеңістігінің (жоспарлануын) эволюциясы мен жұмыс істеуін зерттейтін ғылыми пән.
Девон — палеозой заманын құрайтын алты кезеңнің төртіншісі және үстіңгі палеозой субзаманының алғашқысы. 416 млн жыл бұрын басталып, 359,2 млн жыл бұрын аяқталған.
Дешифрлеу – әуе және ғарыштық суреттерден қолданбалы мақсатта пайдалану үшін, жергілікті жер және түрлі нысандар мен элементтердің сапалық және сандық сипаттамалары туралы қажетті мәліметтер алу процесі.
Жалпы аймақтық өнім (негізгі бағалар бойынша қосылған құн) - түпкілікті пайдалану үшін өндірілген тауарлар мен қызметтердің құны. Жалпы аймақтық өнім шығару мен аралық тұтыну арасындағы айырма ретінде өндірістік әдіспен есептеледі.
Лемур - Мадагаскар, Комор аралдарында, Африканың орталық аймағында теңіз жағалауына жақын жерлерде таралған төменгі сатыдағы (жартылай) маймылдар отряды тармағының бір тұқымдасы.
Лопари (саами) — Скандинавия мен Финдляндияның артикасының байырғы тұрғындары.
Лопари, лапландцы — Швецияның, Норвегияның, Финляндияның солтүстік аудандарын және Кола түбегін мекендейтін фин тайпасының халқы.
Меандр - (өзен ирелеңі ) - өзен суының айналымы салдарынан пайда болатын, өзен арнасының жоғарыдан қарағанда байқалатын иіні, бүгілісі. Өзен ирелеңі үлкен жайылмасы бар жазық жердегі өзендерге тән бұрылыстар. Меандрдың қисықтық радиусы өзендегі судың молдығы мен ағыс жылдамдығына тәуелді.
Нивелир - екі нүкте биіктіктерінің айырмашылығын анықтауға арналған геодезиялық аспап; көлденең нысаналау сәулесі мен осы нүктелерде тік орнатылған рейка көмегімен қолданылады.
Парамо, парамос (ис. paramos - дала, құла түз) — ылғалды тропиктік ормандар зонасындағы биік тау ландшафтысы. Андының солтүстік бөлігінде 3000— 3800 м-ден 4500 м биіктікке дейін таралған.
Парамос - Андының биік жерлерінде қар сызығы мен пуна (Батыс Америка мен Шығыс Кордильера аралығында 3300-4600 м биіктікте орналасқан Оңтүстік Американың үстірттерін қамтитын неотропикалық экологиялық аймақ) аралығында кездесетін қатал, шөлді үстірт.
Парамос — экваторлық зонада (Солтүстік Анд таулары, Орталық Африканың аса биік тау бастары) кездесетін абсолюттік биіктіктері 3000— 4800 метрлік биік таулы ландшафт типі.
Прерия (француз тілінде praіrіe, латын тілінде partum — шалғындық) — Солтүстік Американың орталығы бөлігіндегі үстіртті жазық өңір. Теңіз деңгейінен 500 — 1500 м биіктікте. Солтүстігінде Саскачеван өзенінің орта ағысынан оңтүстігінде Ред-Ривер өзенінің жоғарғы ағысына дейін, батысында Ұлы жазықтардан шығысында Мичиган көлінің оңтүстік жиегіне дейін созылып жатыр. Батысында Сеңгір таулары орналасқан. Прерия Солтүстік Американы мұз басуы және адамның орманды орынсыз кесуі салдарынан пайда болған.
Риф, кедертас (нидер. rіf, ағылш. reef)- Суасты немесе жоғарғы бөлігі су бетіне азын-аулақ шығып тұратын, кемелер қауіпсіздігіне ұдайы қатер туғызатын жартастар.
Сахель (арабша, шет аймақ) — Солтүстік Африкадағы Сахара шөлінен саваннаға өтетін өтпелі өңір. Ені — 300-500 км, табиғи ландшафтысы тропиктік шөлейтке жатады. Климаты өте құрғак. Қуаңшылық қатарынан бірнеше жыл бойы қайталанғанда, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі тозып, мал қырылып, халық аштыққа ұшырайды.
Эвенки (Эвинкил, 1931 жылы ресми этнонимге айналды; ескі атауы - Якуттан шыққан Тунгус. Тоҥус; қытай. - wēnkè zú; Мон. Хамниган) - Шығыс Сібірдің байырғы халқы. Олар сонымен қатар Моңғолияда және Қытайдың солтүстік-шығысында тұрады.

2016-2017 оқу жылында аудандық олимпиада кезінде келген терминдер

Агломерация - елді мекендер агломерациясы – экономикалық, мәдени және тұрмыстық жағынан бір-бірімен тығыз байланысты елді мекендердің (әсіресе қалалардың) шағын аумаққа топтануы, шоғырлануы. Урбандалу процестерінің бірі және негізінен индустралдық аймақтарға ғана тән құбылыс. Агломерация көбінесе жеке ірі қаланың (ядроның) төңірегінде қалыптасады; кейде бірнеше ядролы Агломерация да болады.
Адвекция — ауаның горизонталь ығысуы; жер бетіндегі әр түрлі аймақтарда жылудың, ылғалдың өз ара алмасуы; ауа райының өзгеруі негізінен осыған байланысты.
Антеклиза - (юнанша anti – қарсы, klisis – еңіс) – платформа ауқымындағы ірі (ауданы 100 км2-ден астам) тектоникалық көтерілме құрылым. Жазықтықтағы пішіні дөңгелек не сопақша болып келеді. Антеклизаны платформалық тыс деп аталатын шөгінді немесе жанартаутекті-шөгінді тау жыныстарының қатпарланбаған, бірақ аздап еңістенген (әдетте 1۫-қа дейін) қат-қабаттары құрайды. Ол ұзақ геологиялық мерзімде, бір немесе бірнеше тектоникалық айналым барысында түзеледі. Антеклиза аумағында кішігірім күмбездер, ойыстар сияқты ұсағырақ құрылымдар жиі ұшырасады.
Антициклон - (грекше anti – қарсы, cyclon - айналым) – біркелкі қысым сызықтарымен тұйықталған, атмосфералық қысымы жоғары аймақ, яғни жоғарғы қысым жүйесі. Қысым орталығынан шетіне қарай төмендей береді. Соған сәйкес жел антициклонның орталығынан шетіне қарай және Жердің өз осінің айналуының ықпалымен Солтүстік жарты шарда оңға, Оңтүстік жарты шарда солға қарай бұрыла соғады.
Виргация - (лат. virga — тармақ) — тектоникада: қатпарлар жүйесінің немесе жекелеген қатпардың нақтылы бағытта тарамдала бастауы. Бұл процесс тектоникалық құрылымның қатпарлану қарқыны бәсеңдей бастағандығын көрсетеді. Геоморфологияда: тау тізбегінің шартты бағытта тарамдала сиреуі. Мысалы, Солтүстік Тянь-Шань өзінің батыс бөлігінің Шу-Іле, Қаратау және Шаткал жоталарында тарамдала сиреуін құрайды.
Делювий (гр. deluo – шаямын) – делювийлік шөгінділер, жаңбыр мен еріген қар суларының беткейлердегі үгілме борпылдақ таужыныстарды шайып, төмен қарай көшіруі нәтижесінде жиылған шөгінділер. Делювийдің құрамы беткейде жоғарыдан төмен қарай қиыршық тастан балшыққа дейін өзгереді.
Доминион - бұрынғы британ империясының өзін-өзі басқарушы бөліктерінің атауы, 1931 ж. кейбір елдердің бұрынғы ағылшын қолониялары тәуелсіздік алған, бірақ достастық мүшесі ретінде қалған және мемлекет басшысы ретінде британ монархын мойындайтын бөлігі.
Кар көлдері — (неміс тілінен: кар (құмыра, ойық), цирк) карлардың ойыстарын толтырып тұратын биік таулық көлдер. Кар көлдері жағалық сызығы нашар тілімделген формасы көбінесе дөңгелек немесе сопақша болып келеді. Олар қазіргі қар шегі мен бұрынгы дәуірде басқан мұздың төменгі шегінің арасындағы белгілі бір биіктік зонасын алып жатады.
Креолдар - (ис. crіollo, crіor – жаса деген сөзден шыққан) — Америкадағы испан, португал, француз отарларында туған еуропалық отаршылдардың ұрпақтары; негізінен, Америкасындағы испан және португал басқыншыларының тұқымдары. Үндістан аралдары мен Бразилиядағы құл зәңгілердің ұрпақтары, Алясканы қоныстанған (18 ғ. – 19 ғ-дың 2 жартысы) орыстардың үндістер, эскимостар, алеуттермен некелерінен туған ұрпақтарды да креолдар деп атаған.
Маятниктік көші-қон/миграция – өзге ел пунктеріне оқу немесе жұмыс орнына ретті түрде келіп тұратын көшулер.
Мистраль — Франциядағы Севеннен Рона аңғарына қарай соғатын, бора секілді, қатты және суық солтүстік-батыс жел.
Реликт - (лат. relіctum — қалдық) — геологиялық замандарда кеңінен таралған, осы кезде тек шағын алқаптарда сақталған өсімдіктер мен жануарлар түрлері немесе табиғи бірлестіктер. Кайнозойдың мұздану немесе мұзданудан кейінгі кезеңінен сақталған реликт өсімдіктер мен жануарлар палеонтологиялық реликтілер деп аталады. Қазақстанда нағыз реликт жануарларға қоқиқаз бен реликт шағала, жатады.
Рельефтің аккумуляциялық түрлері - су, жел, т.б. өсерінен өр түрлі бос жатқан минерал шөгінділері мен оргектарникалық тұнбалардың бір жерге жиналуы, үйілуі.
Талассократия - (грек тілінен аударғанда θάλασσα (таласса) «теңіз» + κράτος (кратос) «күш») – кіші мемлекеттің түрі (ежелгі, орта ғасырлық немесе заманауи), оның бүкіл экономикалық, саяси және мәдени өмірі жер ресурстарының немесе ерекше географиялық орналасудың болмауынан қандай да бір қызметке шоғырланған, яғни теңізге, теңіз кемелерімен, теңіз кеңістігімен немесе жағалаудағы аймақтармен байланысты.
Топырақ эрозиясы - (латынша erosіo – желіну) – топырақтың беткі ұнтақталған құнарлы қабатының жел күшімен немесе су ағынының шаюы салдарынан құнарының азаюы. Жел эрозиясы кез келген топырақ типінде кездесіп, жел күшімен топырақтың беткі қабатын, кейде өсіп тұрған өсімдігімен бірге басқа жаққа ұшырып әкетеді. Әдетте жел эрозиясы жер бедері жазық, құрғақ, ормансыз шөл аймақтарында жиі болады.
Фрахт - (нем. Fracgt — тасымал үшін төлем) тасымалақы, кірепұл — ең алдымен халықаралық теңіз тасымалында жүкті су жолымен тасымалдауда көрсетілетін көлік қызметінің ақысын төлеу нысаны немесе көлік құралы иесіне жүктерді немесе жолаушыларды кез келген қатынас жолдарымен тасымалдау үшін төленетін ақы, жүкті не жолаушыларды қандай да болсын көлік түрімен, көбінесе теңіз көлігімен тасымалдағаны үшін көлік құралдарының иесіне төленетін төлем; кемені кірелеу (фрахтылау), яғни кемені жалға беру туралы шарт.
Хартленд - Еуразияның масштабты солтүстік-шығыс бөлігі, оңтүстігінен және шығысынан тау жүйелерімен шектеседі, алайда оның шекарасын әр түрлі зерттеушілер әр түрлі анықтайды.
Хартленд - [ағылш. Heartland - жер кіндігі] - геосаясатта жер шарының бір құрлығы, оны ашып, билік жүргізген бүкіл әлемге үстемдік ететін “орталық жер” үғымы.

2017-2018 оқу жылында аудандық олимпиада кезінде келген терминдер

Апвеллинг (ағылш. up — жоғары, well — көтерілу, сау ете түсу) — мұхит тереңіндегі қоректік элементтермен қаныққан суық судың жоғары көтерілуі. Тұрақты апвеллинг әр түрлі ағыстардың күрделі әрекеттесуі нәтижесінде Әлемдік мүхиттың кейбір жерлерінде түзіледі. Апвеллинг белдемінде жоғары биологиялық өнімділік байқалады.
Астролябия - астрономияда ендік пен бойлықты анықтауға арналған XVIII ғ. дейін пайдаланылған бұрыш өлшеуіш аспап. Қазіргі заманғы астрономияда призмалық астролябия қолданылады.
Виадук - терең сай немесе тау аңғарының үстінен өту үшін салынған көпір.
Габбро (итал. gabbro) — терең қабаттарда жататын қошқыл түсті интрузиялық толық кристалды магмалық тау жынысы.
Горизонтальдар — жер бетіндегі абсолюттік биіктіктері бірдей нүктелерді қосатын және жинақталғанда бедер нысанын беретін картадағы сызықтар. Қима биіктігін тандау бедердің, масштабтың сипатына және картаның арналу мақсатына байланысты. Горизонтальдарды салу мен олардың картадағы суреттеріне қарай бедер бағаланады, баурайдың тіктігін, жергілікті жер нүктелерінің абсолюттік, салыстырмалы биіктігін анықтайды, сондай-ақ жергілікті жердің пішінін салады.
Изоколдар - (изо бірдей және грекше: kolos - шытынаған) - картографиялық проекцияларды таңдау кезінде бірдей қателердің критерийі болып табылатын жәе кей кезде қате шамаларын көрсету үшін жүргізілетін сызықтар.
Изохрондар - (изо бірдей және грекше: chronos — уақыт) — географиялық картадағы, сұлбадағы кез келген табиғи құбылыстың (мыс., найзағай, өзеннің мұздан аршылуы, т.б.) басталу уақытының бірдей нүктелерін қосатын сызықтар.
Конвергенция – табиғи сүрыпталу барысында ұқсас бірдей ортада тіршілік етуге байланысты әртүрлі систематикалық топтарға жататын тірі ағзаларда ұқсас сыртқы белгілердің дамуы байқалады яғни белгілердің жақындасуы. Белгілердің жақындасуы сыртқы ортаның бірдей жағдайларының әсерінен дамиды.
Қоныс (урочище) - кез-келген географиялық объектінің немесе белгілі бір бағыттың атауы.
Румб - меридианның солтүстік немесе оңтүстік жақын басынан берілген бағытқа дейінгі аралық бұрыш. Навигацияда кеменің, ұшақтың бағытын, мұхит ағыстарының бағытын анықтау үшін қолданылады.
Румб - теңіз терминологиясында толық шеңбердің 1/32 бөлігі, сондай-ақ компастың бір бөлімі (32 бөлікте көрсетілген) және сәйкесінше солтүстікке қатысты бағыттардың бірі.
Сайқан желі - Ебі желіне кері бағытта Жоңғар қақпасы арқылы Орталық Азияға қарай соғып тұратын жел. Алакөл үстінде жоғары қысым орнағанда, антициклон тұрақтап күшіне енген кезде, Сайқан желі солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай соғады. Желдің жылдамдығы 50-60 м/с.
Самум - (құм бораны) шаңтозаңдарды аспанға көтеріп, күнді мұнарландырып бірнеше сағат соғатын (бірақ құйын есебінде соғуы бірнеше минутқа ғана созылатын) Арабия мен Солтүстік Африканың тропиктік шөлдерінде соғатын өте ыстық, құрғаң жел. Самұм соққанда температура кенет жоғарылайды да, салыстырмалы ылғалдық кенет томендейді. Бұл Сахара шөліне тән жел. Орта және Орталық Азия шөлдерінде бұл жел сиректеу соғады.
Тераи, терая - (парсы тіліндегі «ылғалды жер» немесе «тау бөктері») - Гималайдың оңтүстік етегінде, Үнді-Ганг жазығының солтүстік-шығысында, Пәкістанның шығысы мен солтүстік-батысында, Үндістанның солтүстігінде, Бутан мен Непалдағы сулы-батпақты жерлер. Батысында Ямуна өзенінен шығысында Брахмапутра өзеніне дейін.
Фанерозой – палеозой, мезозой және кайнозой замандарын қамтитын геологиялық эон. Шамамен 542 млн. жыл бұрын кембрий кезеңінің басында басталған.Жер тарихы дамуының криптозойдан кейінгі екінші даму зоны. Грек тіліндегі фанерос «көруге болатын» және зойон «жануар» деген сөздерден шықанына қарамастан, бұл термин қазіргі кезде «көруге болатын өмір» деген мағынада қолданылмай, әншейін кембрийдің аяғы дегенді білдіреді.

2018-2019 оқу жылында аудандық олимпиада кезінде келген терминдер

Абляция — еру, булану, сыну арқылы мұздықтың кішіреюі немесе тау жыныстарының сыртқы күштердің салдарынан мүжілуі, кеми түсуі
Абразия (латынша: abrasіo -қыру, жону) — мұхиттардың, теңіздердің, көлдердің, өзге де су қоймаларын жағалауларындағы түп жыныстардың толқын мен ағын әсерінен механикалық бұзылуы мен мүжілуі. Әсіресе теңіз (мұхит) жағалауларының соқпа толқындар әсерінен Абразияға ұшырауы жиі кездеседі. Түп жыныстардың мүжілуі толқын күшінен ғана емес, сол толқын қозғалтқан тастар мен құм түйіршіктерінің соққылауы салдарынан да болады.
Альбедо (лат. аlbedо — аппақтық) — қандай да бір дененің немесе беттің шағылдыру қабілетін сипаттайтын шама. Беттің немесе дененің шағылған радиациялық ағынының түсетін радиация ағынына қатынасымен анықталады. Альбедоның мәні: ылғал топырақ — 5—10%, орман — 5—20%, шөп жамылгысы — 20—25%, жаңа жауған қар - 70—90%.
Ассимиляция (лат. assimilatio — ұқсасу, сіңісу, сіңу, т.б.) саны аз, саяси-әлеуметтік ахуалы төмен халықтың өзінен саны да, қуаты да көп халықтың басыңқы ықпалы нәтижесінде сол халық құрамына біртіндеп сіңіп, жұтылып кету құбылысы. Ассимиляция барысында бір халық өзінен үлкен екінші доминант халыққа сіңіп кетіп, ана тілін, әдет-ғұрпын, дінін, мәдениетін, өзіндік сана-сезімін, т.б. ұлттық ерекшеліктерін жоғалтады. Ассимиляция екі жолмен жүреді: күштеу арқылы немесе табиғи жолмен.
Даунтаун - (ағылш. Downtown - «төменгі қала») - Солтүстік Американың орталық бөлігі, онда бизнес (кеңселер, банктер) және ойын-сауық орындары орналасқан. Кейде қала орталығы жай ғана қаланың іскерлік бөлігін білдіреді. Бұл термин негізінен АҚШ пен Канадада қолданылады.
Дюналар (кельт. duna) — теңіздің, көлдер мен өзендердің құмды жағаларында жел әрекетінен пайда болатын төбелер (дөңдер). Дюналар жел бағытымен қозғалып отырады, теңіз жағалауында, әдетте, құрлық жаққа қозғалады, жел әкелген құмнан тұрады. Дюналар климаттық жағдайға байланыссыз, әр тұрлі ендіктердегі жағаларда қалыптаса береді (тек қана шөлде қалыптасатын шағылдан айырмашылығы осында).
Зефир - Атлант мұхитының жағасынан соғатын жылы және ылғалды жел. Оның жылдамдығы өте жоғары, кейде дауыл күшіне де жетеді. Жел Еуропада поненте атымен танымал, римдіктерде Фавоний деп аталған.
Каботаж (французша: cabotage) қандай да бір мемлекет тасымалдаушысының басқа бір мемлекет аумағында орналасқан екі пункттің арасындағы жүк тасымалдауын білдіреді. Әуелде, каботаж ұғымы теңіз тасымалы терминологиясында туындап, бір ел аумағына тиесілі порттар арасындағы кеме қатынасын білдірген. Үлкен каботаж (әр теңіздегі порттар арасында жолаушылар мен жүк тасымалдау) және кіші каботаж (бір теңіздің порттары арасындағы тасымалдар) деп бөлінген.
Метрополия – ірі державалардың (мемлекеттердің) кіші елдерге көрсететін қамқорлығы.
Реэмиграция немесе репатриация - атажұртқа оралу (байырғы тұрғындардың өз мекеніне қайта оралуы)
Шағыл, Бархан — құмды шөл және шөлейт жерлерде жел әрекетінен пайда болатын ысырынды құм төбелері, жер бедерінің пішіні. Құмтөбелер жарты ай немесе орақ пішіндес болады.
Эккер - топографияда 90 ° немесе 45 ° бұрышпен қиылысатын жердегі түзу сызықтарды салу үшін қолданылатын құрылғы.

2019-2020 оқу жылында аудандық олимпиада кезінде келген терминдер

Геодемография - халықтың көбею заңдылықтары туралы ғылым, оның табиғатының әлеуметтік-экономикалық және табиғи жағдайларға, көші-қонға тәуелділігі, халықтың мөлшерін, аумақтық таралуы мен құрамын, олардың өзгерісін, осы өзгерістердің себептері мен салдарын зерттеп, оларды жақсарту бойынша ұсыныстар беру.
Геоинформатика - географиялық ақпараттық жүйелерді ғылыми негіздеу, жобалау, құру, пайдалану және географиялық ақпараттық технологияларды ғылыми мақсаттарда дамыту, практикалық және ГАЖ-ны қолдану туралы ғылым.
Геосаясат - бұл әр мемлекеттегі сыртқы саясаттың идеологиясы туралы географиялық, саяси және экономикалық білімнің өзара байланысы процесінде қалыптасқан гибридті ғылым, әлемнің әртүрлі елдері арасындағы қатынастардың проблемаларын, қақтығыстардың (соғыс) салдары мен шешімін табу жолдарын зерттейді.
Геоэкология - жердің геосфераларының адам ортасы және басқа организмдер құрамын, құрылымын, қасиеттерін, процестерін, физикалық және геохимиялық өрістерін зерттеуді біріктіретін пәнаралық ғылыми сала. Кейбір жағдайларда бұл бағыт биологиялық жағынан ерекшеленетін және географиялық немесе геологиялық пәндерге сәйкес келетін қолданбалы пән ретінде анықталады.

7 симпатий

Отдельная благодарность автору этого материала: Курбангалиеву Мирасу Сарсенгалиевичу, учителю географии НИШ г. Актау.

2 симпатии